$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Астанада «KIDS AND INNOVATION: ИДЕЯ. ДАМУ. КРЕАТИВ» форумы өтті

15.05.2025ж. 20:00
57
Астанада «KIDS AND INNOVATION: ИДЕЯ. ДАМУ. КРЕАТИВ» форумы өтті

Астанада «KIDS AND INNOVATION: ИДЕЯ. ДАМУ. КРЕАТИВ» форумы өтті. Онда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері инновациялық тәсілдер арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелерін қарастырды.   

Форум барысында: «Әр баланың қажеттіліктеріне сәйкес тәрбие мен білім беру процесін бейімдеу», «Балабақшада инновациялық тәжірибелерді енгізу» және «Жасанды интеллект негізіндегі интерактивті білім беру»  атты үш негізгі секция  қарастырылды. Сондай-ақ  «Цифрлық әлемдегі балалық шақ» көрме ұйымдастырылды.

БАУЫРЖАН ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Қазір балалардың дамуы үшін жаңа технологиялардың маңызы зор. Әсіресе, жасанды интеллект. Қаламыздағы балабақшалар білім беруде  жаңа технологияларды қарқынды пайдаланып келеді. Бұл әрине, тек Елордада ғана емес басқа да қалаларды игерілгені маңызды.


Қатысушылар ең үздік білім беру тәжірибелерімен танысып, балабақшаларда педагогикалық әдістемелер мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын бірлесе талқылады. Форумға республиканың барлық өңірінен балабақша меңгерушілері арнайы келген.

ГҮЛШАТ ДОСАНОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚУАНЫШ ҮЙІ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мысалға қарап отырсаңыз бестемше ойыны биылдан бастап кіргізіліп жатыр. Әмбе мына цифрлық сауаттылыққа баланы, бала кезінен баулу. Сол жағынан көрінген бүгінгі көрнекіліктер өте көңілімізден шықты.  


Сондай-ақ қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы соңғы тенденциялар жайында  сарапшылар мен практик мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.