$510.58 €571.8 ₽6.34
×

"Отбасы — бізді жақсы көретін, түсінетін, қабылдайтын аяулы мекен", - министр

15.05.2025ж. 20:00
103
"Отбасы — бізді жақсы көретін, түсінетін, қабылдайтын аяулы мекен", - министр

Отбасы — қоғамның бір бөлшегі ғана емес, бұл — бізді жақсы көретін, түсінетін, қабылдайтын аяулы мекен. Қазақстан халқын отбасы күнімен құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әр жанұяны қолдауға ден қойылғанын баса айтты. Бүгінде елімізде 6,2 млн шаңырақ түтінін түтетіп отыр. Оларға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, әйелдермен мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңнамалар, жас отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек, қолдау орталықтары әрбір азаматтың қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруі үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:


Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке жылы мереке отыз жылдан астам уақыт бойы отбасы атты ең қастерлі құндылықты еске салып, насихат етіп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген бұл күн – әрбір адам үшін маңызды мәселелерге назар аударуға, яғни қамқорлық, қолдау, махаббат және балаларымыздың жарқын болашағы секілді ізгі құндылықтарды ұлықтауға мүмкіндік береді.