Бес күнге созылған "Ұлы дала жорығы" халықаралық марафоны мәресіне жетіп, жеңімпаздан марапатталды. «AMANAT» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған жарыс Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналды. Жалпы командалық есепте 500 шақырымды бірінші болып "Астана" командасы бағындырды. Екінші орынды Қырғыстан командасы иеленсе, үздік үштікті ұлытаулықтар қорытындылады. Биыл жарысқа Мажарстан, Иран, Қырғызстан, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасынан келген шабандоздарды қоса алғанда, барлығы 19 команда қатысты. Алайда мәреге тек 5 команда ғана жетті. Бұл – аса қатал тәртіп пен жарыс жолының қаншалықты қиын екенінің жарқын дәлелі.
АЛТАЙ БЕЙМЕН, "АСТАНА" КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бізді қолдаған команда, жақтастарға, бауырларға, ағаларға ең бастысы туысқандарға команда мүшелеріне жігітше жігіттер келді ғо. Бәріне рақмет! Алла разы болсын! Ең бастысы жеңіс қой. Бес жылқы бірдей өтсін деген арманымыз болған еді. Енді Арманымызға келесіде келесі жарыстарда жетеміз деген ойдамыз.