$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Павлодарда ағасы інісін боқтап, жұмыссыз жүргенін бетіне басамын деп ажал құшты

AstanaTV
16.05.2025ж. 00:14
63
Павлодарда ағасы інісін боқтап, жұмыссыз жүргенін бетіне басамын деп ажал құшты
Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласында 2024 жылдың 22 желтоқсанында тұрғылықты жері бойынша екі бауырдың арасында жанжал туындап, салдарынан інісі ағасын пышақтап өлтірген. Сот үкімімен інісі 8 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, ағасы інісін балағаттап, еш жерде жұмыс істемейтінін айтқан. Жанжал кезінде інісі алкогольдік масаң күйде бола тұра, ағасының сол жақ кеудесіне асхана пышағын сұғып алған. Пышақ жүрегіне тиіп, ағасы сол жерде қайтыс болды.

Інісінің кінәсі сот отырысына қатысушылардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

«Інісінің соттылығы жоқтығын, өз кінәсін мойындап, өкінуін ескере отырып, оған ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен жазаның ең төменгі түрі – 8 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.