$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Байқоңырда зымыранның ішіне кіріп, суретке түскен шетелдіктер ұсталды

AstanaTV
16.05.2025ж. 10:41
61
Байқоңырда зымыранның ішіне кіріп, суретке түскен шетелдіктер ұсталды

«Байқоңыр» ғарыш айлағында зымыранның ішіне кіріп, суретке түскен Чехияның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

SHOT мәліметінше, олар тасымалдаушы зымыран – «Энергияны» дәл жанынан көруді армандаған. Фотоаппараттарын алып, ғарыш айлағына дейін жеткен, бірақ жасырын кіріп кету мүмкін болмаған. 

Чехиялық туристер ұсталды. Олар сынақ кешеніне кірудің өздеріне аса қажет екенін түсіндіруге тырысқан. Алайда полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға айыппұл салынды.