АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы, модель әрі әнші Тиффани Трамп ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желі X парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңадан туған ұл балаға Александр Трамп Булос деген есім берілді. Бұл - Дональд Трамптың 11-ші немересі.
Тиффани 2022 жылы нигериялық миллиардер Майкл Булосқа тұрмысқа шыққан болатын. Жұп отбасылық өмірін көпшіліктен жасырып, жеке өмірін сақтауға тырысып келген.
2024 жылдың қазан айында Детройттағы экономикалық клубта сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Тиффани мен оның жұбайын «ерекше жандар» деп атап, олардың ата-ана болуға дайын екенін мақтанышпен жариялаған еді.