$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Қостанайда ер адамнан бір келіден астам мефедрон анықталды

AstanaTV
16.05.2025ж. 14:41
62
Қостанайда ер адамнан бір келіден астам мефедрон анықталды

Қостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды.

Polisia.kz мәліметінше, Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына, жеке көлігіне және оған тиесілі саяжай учаскесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде бір келіден астам мефедрон тәркіленді. Жалпы саны екі мыңға жуық бір реттік доза құрайтын бұл заттарды күдікті кейін сату мақсатында сақтағаны анықталды. Сараптама тәркіленген заттың мефедрон есірткісі екенін және оның жалпы салмағы бір килограмнан асатынын растады, - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.