Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жыл басынан бері "Нұр Отанның" қоғамдық қабылдау бөлмесінде 13 министр тұрғындармен кездесу өткізді

AstanaTV
26.07.2017ж. 20:00
2200
Жыл басынан бері "Нұр Отанның" қоғамдық қабылдау бөлмесінде 13 министр тұрғындармен кездесу өткізді

Жыл басынан бері "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде 13 министр тұрғындармен тікелей кездесті. Ал бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары азаматтардың арыз-шағымына құлақ түрді. Қабылдауға барлығы 17 адам жазылған. Кейбірі өңірлерден бейнебайланыс арқылы қосылды. Проблемасын басшыға жеткізуге арнайы келгендер де бар. Мәселен Бикамал Асқарова Щучие қаласынан жеткен. Ол мүгедек күйеуінің күтушісі. Алайда заң бойынша тисілі төлемақыдан қағылған.

Бикамал АсқароваЩучинск қаласының тұрғыны:

Екі жыл болды күтуші ретінде келісімшарт жасай алмай дал болып жүрмін. Күйеуім көзі көрмейді. Бірніші топтағы мүгедек

Алик Шпекбаев мәселені бақылауға алуға уәде берді. Айта кету керек, бірінші басшылардың қабалдауына телефон арқылы немесе онлайн жүйеде жазылуға болады.

Жұмажан Жүкенов, "Нұр Отан" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі:

Бізде 13 министр өзінің тікелей қабылдауын өткізді. Оның үстіне олардың орынбасаралары, Бас прокурордың орынбасарлары және сессия уақытында  депутаттар "Нұр Отан" фракциясының мүшелері қабылдау өткізеді. Қазірігі уақытта қоғамдық қабылдау бөлмелері әркімге қажетті жұмысын атқарып отыр.