Ақмола облысында жарылғыш заттарды заңсыз тасымалдайтын арна анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 2025 жылғы 16 мамырдағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетіндепайдалануға арналған."
ҰҚК Баспасөз қызметі
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.