Павлодарда інісі ағасын пышақтап өлтірді. Жанжалға оның мас күйде болуы себеп болған. Ағасы оған жұмыс істемейсің - деп ұрысса керек. Сөз көтере алмаған ол асхана пышағын ағасының жүрек тұсына сұғып алған. Марқұм сол жерде көз жұмды. Сұмдық оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Сот оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
А-ның адам өлтірудегі кінәсі сот отырысына қатысушылардың айғақтарымен сот сараптамаларының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдермен дәлелденді. Сот А-ның соттылығы жоқтығын, өз кінәсін мойындап өкінетіндігін ескере отырып, оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы бірінші бөлігімен жазаның ең төменгі түрі 8 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.