$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Үндістанда қатерлі дертпен күресіп жатқан отандасымыз қолдауға зәру

Үндістанда қатерлі дертпен күресіп жатқан отандасымыз қолдауға зәру

Түркістан облысының тұрғыны қайырымды жандардан қолдау күтеді. Шардаралық  Гүлшат Сәбденова қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Қазір Үндістанда ем алып жатқан Гүлшат Асылханқызы қаржылай көмекке  зәру. 52 жастағы әйел қатерлі дертке шалдыққанын тым кеш білген. Ұлы Шерханның айтуынша, елімізде ем-дом бастағанмен, дәрігерлер әрі кетсе 6 айға ғана өмірін ұзарта аламыз депті. Сосын олар үндістандық дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Уақыт жоғалтпау үшін көлігін сатып, несие алып, жиған-тергенімен  жолға шығыпты.  Алғашқы ем нәтиже бере бастаған. Енді оны үзбеу үшін тағы қомақты қаражат керек дейді.  

ГҮЛШАТ СӘБДЕНОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Маған дәрігерлер «жатыр мойны мен жатыр мойнының төмен жағына орналасқан қатерлі ісік» диагнозын қойды. Қазіргі таңда ауру қынапқа түсіп, оң жақ бүйрекке метастаз беріп, күрделене түсуде. Қазіргі таңда өз өмірім үшін күресудемін. Ем-дом ұзақ әрі қаржылық тұрғыдан ауыр болып отыр. Сол үшін сіздерден көмек, қаржылай қолдауларыңызды  сұранамын. Алла разы болсын!


ШЕРХАН ШҮКІРБАЙ, Г. СӘБДЕНОВАНЫҢ ҰЛЫ:

Сіздерден қолдан келгенше көмек берулеріңізді сұраймыз. Үндістан елінде 6 ай көлемінде толық жазылып шығу үшін әр емге 3 мың доллардан кетіп жатыр. Қайырымды жандар болса сіздердің көмектеріңізге зәруміз. Алла разы болсын!