"Тоқылдақтар" көбейді. Қоғамдық көмекшілерді осылай кемсітуде. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева кеңес заманынан бірер мысал келтірді. Заңға сәйкес әрекет етіп жатырмын деп өз мүдделері үшін "ашық ауызға" айналып шыға келетіндер қаптап кетпей ме деп алаңдаушылық білдірді.
НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мен әлі де айтамын "стукач"деген ұғым бар. Бұл біздің болмысымызға сай келе ме? Бұл қаншалықты нәтиже береді? Барлық дүниені заңға енгізіміз деп құндылықтарымызды құртып алмаймыз ба, алдымен осыны да ойлауымыз керек. Қоғам оларды қабылдай ала ма, оны да ескеру керек деп ойлаймын.