$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Жүргізуші куәлігі жоқ азамат көлік жүргізсе, автокөліктің иесі де жазаланады

16.05.2025ж. 20:00
74
Жүргізуші куәлігі жоқ азамат көлік жүргізсе, автокөліктің иесі де жазаланады

Елімізде жүргізуші куәлігінен айырылғандар көлікті құжатсыз тізгіндеп жүр. Жыл басынан бері бас қаланың өзінде мыңнан астам адам 64 млн теңге айыппұл арқалаған. Мұның өзі көпшілікке сабақ болмай отыр. Әлі де көлікке құжатсыз отыратындар көп.  

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Мынау -досымның көлігі. Тек қаладағы шаруаларымды бітіріп алу үшін әрі-бері мініп жүрмін. Бірақ арада ешқандай сенім хат жоқ. Тек полицей тоқтатпаса болғаны.  


Мен сияқты көлікті жүйткітіп жүргендер қаншама? Оның заңсыз екенін білсе де, көпісі оны елей бермейді. Шын мәнісінде бұлай тек автокөліктің иесі ауырып тұрса ғана қасындағы кісіге жүргізуге рұқсат. Онда да оның жүргізу куәлігі болуы қажет. Болмаса қос тарапқа да айыппұл салынады. Бірақ, жұрт бұған наразы.  
 
БЛИЦ:


- Ондай кезде кішкене түсіністікпен қараған дұрыс деп ойлаймын.
- Ондай жағдайда әрине жәрдем сұрау керек. Адамдар бар куәлігі жоқ, бірақ опыт тәжірибесі бар адамдар болса неге бермеске, берем.   


Астанада жыл басынан бері 1380 адам көлікті құжатсыз басқарған. Бұдан бөлек 10 адам әкімшілік қамауға алынған.  

БАУЫРЖАН ТОҚЖҰМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘПБ ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Электрондық планшетте арнайы база бар. Онда автокөлікті көрсетіп тұрады. Мысалы бұл автокөлікте мүмкін жүргізуші куәлігінен айырылған азамат басқарып жүр дегендей. Ондай азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Екіншіден бұл автокөліктің иесі де жауапкершілікке тартылады.


Көлікті масаң күйде басқаратындар да бар. Заңгерлердің айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылатындардың дені -осылар.  

ТЛЕУЖАН КІШКЕНЕБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Ішімдік ішкен адамның дәрежесін қарау керек. Мынау перегар бар деген мен ішімдікке тойып алғаннын екеунің дәрежесі бірдей саралап жатыр. Ең болмағанда перегармен көлік басқарған адамға айыппұл түріндегі жаза қолданса, онда дұрыс болар еді деп ойлаймын. Бірақ айыппұл төлеп жүре беруге болады деп жүруге де болмайды.        


Ал, жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі аяқталған соң  қайта емтихан тапсыруы тиіс. Тек сүрінбей өтсе, қайтарып ала алады.