$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ерлан Қариннің төрағалығымен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті

16.05.2025ж. 20:00
389
Ерлан Қариннің төрағалығымен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында аталған ұйымдармен арадағы ықпалдастықты дамытуға қатысты басымдықтар мен жоспарлар талқыланды. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударатынына тоқталды. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің басшысы Амир Пирич Мемлекеттік кеңесшіге «Беташардың» үлгілі мұралар тізіміне енгені туралы түпнұсқа сертификатты табыстады.