$509.51 €570.6 ₽6.3
×

ҰБТ-ның алғашқы күнінде 4589 талапкер тест тапсырды

ҰБТ-ның алғашқы күнінде 4589 талапкер тест тапсырды

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Негізгі сынақ 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер оны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Тест тапсырушылар сынақтың күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. ҰБТ республика бойынша 46 орында ұйымдастырылған. Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. Оның  75 проценті қазақ тілінде, 25 пайызға жуығы орыс тілінде және 266 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген. Сынақтың алғашқы күнінде 4589 бала, оның ішінде 323 астаналық талапкер тестілеуден өтті.