$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Қостанайда бос орындар жәрмеңкесіне жүзге жуық кәсіпорын атсалысты

16.05.2025ж. 20:00
61
Қостанайда бос орындар жәрмеңкесіне жүзге жуық кәсіпорын атсалысты

Қостанайда ауқымды жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Жастар Рухы» жастар қанаты және Қостанай облысы әкімшілігі мұрындық болған игі шараға жүзге жуық кәсіпорын өкілдері атсалысты. Орталық алаңға жоғары оқу орындары мен кәсіптік оқу ошақтарының түлектері жиналды. "Жұмысшы мамандықтар жылына" орайы өткізілген бос орындар жәрмеңкесіне бір мыңға жуық адам қатысты. Екі қолға бір күрек іздеп келгендер қатарында студенттер, жастар, жергілік тұрғындар болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқу бітірген жастарды жұмысқа орналасуға көмектесу. Бірыңғай платформа құру. Жәрмеңкеге жергілікті ірі кәсіпорындар мен қатар мелекеттік органдар, жеке компаниялар қатысты. Оған қоса облыстың  20 аймағынан келген мансап орталықтарының өкілдері  болды. Жұмыс іздеген жастар өздерінің туған жерлерінде қандай бос орындар бар екенін біле алды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сұрастырды.

АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жылына бір рет осылай бүкіл біздің аудандарымыздан жұмыс берушілерді жинап, сонымен қатар Қостанай қаласынан, облысынан ірі кәсіпорындардан жұмыскерлерді  шақырып яғни біздің  түлектер өзінің мамандығы бойынша жұмыс табу үшін осындай мүмкіндік  жасап отырмыз.