Оралда құрастырылған әскери катер бүгін суға түсірілді. Қуатты қару орнатылып, заманауи қондырғылармен жабдықталған кеме еліміздің теңіздегі шекарасын күзетуге жіберіледі. Су ығыстырымдылығы 70 тонналық техника шекара қызметінің тапсырысы бойынша жасалыпты.
Ескіден жеткен көне рәсімнен кейін су жаңа кеме суға түсірілді. Бұл - оралдық кәсіпорынның 36-шы өнімі. Катер ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көк теңізде өздігінен бір апта бойы жүзе алады. Жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жететін техника қашқанды құтқармайды, дейді теңізшілер.
ЖЕТКЕРГЕН АЙДАРОВ, ШАҒЫН КҮЗЕТ КЕМЕСІНІҢ КОМАНДИРІ:
Браконьерлерді ұстап алуға өте жылдам кеме. Өзінің радиолокационный системалары бар. Құқықбұзушылықтарды сол арқылы тауып, артынан ізіне түсіп қуып ұстаған. Корпусы плоскодонный деп айтылады. Басы үшкірлер олар толқынды кесіп өтетін болса, бұл толқынның үстіне мініп, осылай жүретін болады.
Кеменің басқару жүйесі толық автоматтандырылған. Тіпті атқан оғы толқынды теңізде нысанаға дәл тиюі үшін атыс қаруын да "ақылды техника" басқарады.
ҚЫДЫРЖАН МҰҚАНОВ, "ЗЕНИТ" ОРАЛ ЗАУЫТЫ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Біздің зауыт 34 жылдың ішінде түрлі кластағы 36 кемені құрастырып шығарды. Биылғы өніміміз - "Айбар 0210" жобасымен жасалған шағын күзет кемесі. Бұл техника еліміздің теңіздегі шекарасын қорғап, браконьерлермен күреседі.
Кеменің бұрынғы жобасын жетілдірген оралдық мамандар екі жылда құрастырып шығарыпты. Экипажы 15 адамдық катер енді Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жетіп, ел шекарасын күзетуге кіріседі.