$509.51 €570.6 ₽6.3
×

"Көшелерге Саттар Имашевтің есімін беру керек", - қоғам қайраткері

16.05.2025ж. 20:00
87
"Көшелерге Саттар Имашевтің есімін беру керек", - қоғам қайраткері

"Астана мен Алматыдағы көшелерге Саттар Имашевтің есімін беру керек". Танымы терең, көргені мен түйгені мол қайраткердің 100 жылдығына арналған конференцияға жиналғандар осындай бастама көтерді.  Іс-шараға әр жылдардағы Парламент депутаттары, тарихшылар мен ғалымдар, сондай-ақ туыстары мен жақындары қатысты. Конференция барысында қатысушылар  Саттар Нұрмашұлының саяси және тарихи мұрасын, оның мемлекеттік басқару ісіне, партиялық жүйенің қалыптасуына қосқан үлесін тілге тиек етті, естеліктерімен бөлісті.

ИРАК ИЛЕКЕЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Ол кісінің еңбегі зор. Кезінде Ақмола облысында тың өлкесі болған ғой. Сол кезде ол кісі идеология саласын басқарған. Көп азаматтар үлгі ретінде айтады, мұндай идеолог болмаған деп. енді тасада қалмау керек бұл кісі. Неге көшенің атын бермеске, неге мектептің атын бермеске? Себебі бұл кісінің еңбегі көп.