$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ақтөбеде өндірістегі жұмысшы әйелдердің өңірлік форумы өтті

16.05.2025ж. 20:00
83
Ақтөбеде өндірістегі жұмысшы әйелдердің өңірлік форумы өтті

Ақтөбеде «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен  Өндірістегі жұмысшы әйелдердің  өңірлік  форумы өтті. Жиынға   жүзден астам әйел  қатысты.

Форум  Кеңес Одағының батыры  Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына  және Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылды.  Оған «AMANAT» партиясының мүшелері, депутаттар, қоғамдық ұйым мүшелері және   өңдіріс орындарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қатысты.

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Міне  енді соңғы екі жылдың ішінде Әйелдер қанаты жүзеге асып, әр саладағы мамандарды, әйелдерді осы жинап, олардың әртүрлі идеялары мен жалпы ойларында,көкейлерінде қандай мәселелер бар осы ортаға салсын деп оның болашақта қандай шешімі бар. Болашақта біз қандай қадамға аттаймыз деген ниетпен бас қосып жатырмыз.


Өңірде алты мыңнан астам әйел адам өңдіріс саласында еңбек етеді. Оның  көпшілігі  зауыттарда  ауыр станоктарды, техникаларды басқарады. Бүгін форумда қаржылық сауаттылық, психологиялық көмек, бала тәрбиесіне қатысты мәселелерден бастап, түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, тәжірибе алмасып, жаңа ілім- білім алды.

АЛМАГҮЛ КӨППМАҒАНБЕТОВА, АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Біздер шлактан хромды тазалаймыз. Таза металл өнімдеріміз шетелге жүреді. Онда екі ауысыммен жұмыс істейміз он екі сағаттан алты әйел адам істейміз. Қол жұмысы. Қиындығына қарамастан ол жерде жұмыс істегеніме мақтанамыз қуанамыз.Осындай  іс-шараларға қатысып, біздің еңбегімізді елеп жатқандарына рахметімізді айтамыз.


Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға,   еңбек жағдайларын жақсартуға арналған форумда он екі әйел    «Amanat»  партиясы қатарына қабылданды.