$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Қызылорда облысы Шиелі ауданының оқушылары мен ерікті жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты

Қызылорда облысы Шиелі ауданының оқушылары мен ерікті жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында ерікті жастар «Тағзым алаңын» тазалады. Ескерткіш тақталарды жуып, айналадағы шөпті отады. Осылайша олар ата-баба рухына құрмет көрсетіп қана қоймай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты. Ал аудандағы №148 орта мектебінде бұл бағытта «Жасыл мекен» экокабинеті ашылған. Онда оқушылар  дәнді дақылдарды өркендетіп, гүлдерді баптаумен айналысады. Аппараттың көмегімен жұмыртқадан балапанның жарып шығу процесін бақылап, құстар мен тасбақаның бабын жасайды. Оны ғылыми жұмыстарына арқау етуде. Бұл балаларды еңбекке баулып, айналаға жанашырлықпен қарауға үйретеді дейді ұстаздар. Одан өзге оқушыларға осы бағытта шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүмкіндіктер жасалған.

АЙЖАН ҚАРЕКЕЕВА, №148 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Қалдықтардан өнім жасап, керекті бұйымдар жасап, өздерінің шығармашылығын дамытады. Үшінші бағытымыз, жасыл желектер, даладағы, есіктің алдындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысамыз, тазалық жұмыстарымен айналысады. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Қоршаған ортаны қорғауды, оған сүйіспеншілік арту, барлығы осындай мақсатта жасалып жатқан жақсы дүние.