$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 маусымда басталады

16.05.2025ж. 20:00
86
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 маусымда басталады

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Жоба жастарға мемлекетті басқару ісіне араласуға жол ашады. Осымен төртінші мәрте өткелі отырған іріктеуге тіркелу 1 маусымнан бастап қожетімді. Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан азаматтары қатысады. Кандидаттар 6 кезең бойынша маусым-қазан айларында бағын сынайды. Резервке үздік 50 адам іріктелмек.

ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

2019 жылдан бастап осы адами факторды болдырмау бойынша біз жұмыстарды жүргізіп келе жатырмыз. Оның толыққанды мынау тест тапсыру құзіреттілігін, жаңағы ситуациялық эссе жазу, бұның барлығы бізде прокторинг бағдарламасы арқылы, бақылау арқылы онлайн өтеді. Бұл жерде ешқандай адами факторсыз болады.