Елордадағы "Орталық" базарда құқықтық көмек күні өтті. Оған адвокаттар алқасы мен заң палаталарының өкілдері, партия мүшелері қатысты. Іс-шара аясында 20 дан астам азамат құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша тегін кеңес алды. "Құқық көмек" және "Қарызсыз қоғам" жобасы биыл "AMANAT" партиясының қолдауымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осылайша, халыққа қаржылық және заңгерлік көмек көрсетіп ғана қоймай, қаржылық сауаттылық деңгейін де арттырмақ.
ДУЛАТ МЫҢБАЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:
"Қарызсыз қоғам" жобасы әлеуметтік жоба болып табылады. "Amanat" партиясының ұйымдастыруымен болып жатқан бұл жоба. Биылғы жылдың мақсатты тобымыз 90 күннен аса несиелерін өтей алмай жүрген азаматтарға заңгерлік сүйемелдеулерімізді тегін жасаймыз.
МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұған дейін біз егер Астаналық базарда 100 ден астам адамды міне қабылдап, солардың сұрақтары бойынша ары қарай жұмыс жасап жатырмыз. Міне осыдай кейін қазір Орталық базар осы жерге де бүгін келіп осы жердегі әрбір азаматтың сұрағына жіті жауап беріп, сол сұрақтың шешілуіне яғни себепші болсақ деген ниетіміз бар.