Израиль авиациясы Йеменнің батысындағы бірнеше порттарға әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Al Masirah телеарнасының мәліметінше, Израиль армиясы Йеменнің батысындағы "Салиф портына және Қызыл теңіздегі Ходейда портына" соққы жасаған.
Бейсенбіде Йеменнің солтүстігіндегі билеуші "Ансар Алла" (хуситтер) шиит әскери-саяси қозғалысы Израильдегі Бен-Гурион әуежайына 72 сағат ішінде төртінші зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.