$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Аптап ыстық: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

AstanaTV
17.05.2025ж. 07:39
65
Аптап ыстық: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК бүгін, 17 мамырда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көптеген өңірінде найзағай, бұршақ, дауыл, қатты ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында түнде найзағай, желдің күші 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірдің бірқатар аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында күндіз +42°С қатты ыстық болады. Таулы аудандарда найзағай мен бұршақ күтіледі, ал солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Абай облысында күндіз +35…+37°С аптап ыстық сақталады. Батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында да +35°С ыстық күтіліп, оңтүстігінде өрт қаупі күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, 15–20 м/с жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

жнеңң

Ұлытау облысында найзағай, желдің екпіні 20 м/с дейін күшейіп, +35…+36°С ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.

Қарағанды облысында күндіз +35…+37°С аптап ыстық болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейіп, облыстың көп бөлігінде өрт қаупі сақталады.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.


Павлодар облысында найзағай, бұршақ, 15–20 м/с жел күтіледі. Күндіз +35°С ыстық. Өрт қаупі жоғары, кей жерлерде төтенше.


Жетісу облысында күндіз +35…+39°С ыстық сақталады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары және төтенше.


Қызылорда облысында түнде және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ күтіледі. Жел екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ, жел, қатты жаңбыр күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.


Қостанай облысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тұман түсуі ықтимал. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары.


Ақмола облысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары және төтенше.


Алматы облысында +34…+39°С қатты ыстық болады. Таулы аудандарда жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.