$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ақтауда тежегіші істемей қалған жүк көлігінен ер адам секіріп кетті

AstanaTV
17.05.2025ж. 08:37
71
Ақтауда тежегіші істемей қалған жүк көлігінен ер адам секіріп кетті

Ақтауда FAW жүк көлігі жолдан шығып кетіп, жүргізушісі жарақат алды. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 12 мамыр күні сағат 16:40 шамасында 15-шағынауданда болған. Жүк көлігі FAW төменге түсіп келе жатып, тежегіші істемей, теңіз жағалауына жеткенде жолдан шығып кеткен.

БЕЙНЕЖАЗБАДА НЕ КӨРІНДІ?

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көліктің жолдан шығып, қатты жылдамдықпен төмен қарай ұшып түскені анық көрінеді. Қауіпті апат абайсыздықтың салдары болғаны байқалады.

Видео авторының сөзіне сенсек, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған.

ЖҮРГІЗУШІ ТІРІ, ЖАРАҚАТ АЛҒАН

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Ол түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Жағдайы жайлы нақты мәлімет берілмегенімен, өміріне қауіп жоқ.

ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАЛДЫ

«Аталған жағдайға байланысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 620-бабы бойынша (Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.