$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық азайтылады

AstanaTV
17.05.2025ж. 09:16
83
Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық азайтылады

2026 жылдан бастап ескі көлік иелеріне салық жеңілдігі беріледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанда ескі жеңіл автокөліктерге салынатын салық азайтылмақ. Бұл жеңілдік 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни жаңартылған Салық кодексі сол күннен бастап қолданыла бастайды.

Жаңа тәртіп бойынша: Жасы 11 жылдан 20 жылға дейінгі көліктерге — 30% жеңілдік беріледі. 20 жылдан асқан көліктерге — 50% жеңілдік қарастырылған. Мысалы, сіздің көлігіңіз бар делік және оны 2026 жылдың ақпанында сататын болсаңыз: 2025 жыл үшін салықты толық төлейсіз (жеңілдік жоқ);

Ал 2026 жыл үшін салық жеңілдікпен есептеледі, яғни көлікті иеленген айларға ғана және жеңілдік мөлшеріне сай.

2025 жылдың 1 мамырындағы ресми деректер бойынша, Қазақстанда 6,1 миллионнан астам көлік тіркелген. Оның ішінде 5,3 миллионы — жеңіл көлік, ал 3,5 миллионы — 10 жылдан асқан машиналар.

Яғни көліктердің жартысынан көбі жаңа салықтық жеңілдікке ілігеді. Бұл көптеген адамға салықты аз төлеуге мүмкіндік береді.