$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Канадада ыстықтың кесірінен орман өртенуде

AstanaTV
17.05.2025ж. 11:34
80
Канадада ыстықтың кесірінен орман өртенуде

Тілсіз жау Канаданың Мантиоба мен Онтарио провинцияларына дейін жайылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, өрт салдарынан екі адам мерт болған. Олар өрт болған аймақтан шыға алмай қалып қойған деген болжам бар.

Тек өткен тәуліктерде ғана өңірде 80-ге жуық өрт ошағы тіркелген. Олардың үштен бірі ірі саналады. Жалын шарпыған аумақ 100 гектарды құрап отыр. Өрт сөндіру жұмыстары жерден де әуеден де жүргізіліп жатыр.Ішінара тұрғындар эвакуацияланғаны хабарланды.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда да орман өрті салдарынан кемінде 18 адам қаза тапқан еді.