$509.51 €570.6 ₽6.3
×

"Қазақ елі, сүйінші": Бүркіт пен Аишаның төртінші сәбиі дүниеге келді

AstanaTV
17.05.2025ж. 12:15
60
"Қазақ елі, сүйінші": Бүркіт пен Аишаның төртінші сәбиі дүниеге келді

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Бүркіт пен Аиша көпбалалы ата-ана атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Бүркіт Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтардан сүйінші сұрап, перзентханадан видео жариялады.

Кадрдан перзентхана кереуетінде жатқан Аишаны және қолындағы сәбиін алыстан байқауға болады.

"Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Біздің қызымыз өмірге келді. Аллаға мың алғыс. Аиша аман! Аллаға шүкір", - деп жазды әнші видео сипаттамасында.

Айта кетейік, осылайша қазақстандық әртістер төрт баланың ата-анасы атанып, көпбалалы отбасы қатарына қосылды.