Мамыр айының орта тұсында базар мен супермаркеттердің сөрелеріне құлпынай мен шие қойылып, сұраныс та көбейді. 2025 жылы бұл жемістердің бағасы кейбір аймақ тұрғындары үшін қалтаға салмақ салып тұр.
Еліміздің оңтүстігінде жеміс-жидек ерте піскенімен, дәл осы өңірде баға жоғары болып тұр. Шымкентте құлпынай бағасы - 2000-6000 мың теңге аралығында. Ал шиенің келісі 3500-6000 теңге болып тұрады. Атырауда баға одан да жоғары. Мұнда құлпынайдың келісі 6 000 теңге шамасында. Ал шие әзірге сатылымға шыға қоймаған. Орал қаласында да дәл осы көрініс. Мұнда құлпынай бағасы 5500 теңгеден басталса, шие сатылып жатқан жоқ.
Сонымен бірге Астана қаласында да баға жоғары болып тұр. Мұнда құлпынайдың келісі 3000 теңге, шиенің бағасы тіпті 10 000 теңгеге дейін жетеді.
Таразда құлпынайдың келісін 1200-1300 теңгеге сатып жатыр. Шие құны - 2500-3000 теңге.
Сатушылардың айтуынша, шие әзірге өте сирек кездеседі. Түркістанда құлпынайдың келісі 1300-1600 теңге болса, мұнда шиені 2000-2500 теңгеге сатып алуға болады. Бұл еліміздегі құлпынай мен шие бағасы төмен өңірлер қатарына жатады.
Алматыда көтерме сауда орны бар, логистикасы ыңғайлы өңір болған соң құлпынайдың келісі 1000-1500 теңгеден, ал шие 2000-2800 теңгедан саудаланып жатыр.
Қызылорда (құлпынай - 1600, шие - 2500) мен Көкшетауда (құлпынай - 1800, шие - 2300) баға шамалас.
Қарағанды, Жезқазған, мен Петропавлда баға орташа болып тұр. Қарағанды мен Жезқазғанда құлпынайдың келісі 1000-2500 теңге, ал шие 1800-3500 теңге тұрады. Петропавл базарларында құлпынай келісі 2100, шие 2500 - 4300 теңгеге сатылып жатыр. Өскемен мен Семейде баға сәл жоғары. Құлпынай - 2 000–2 800, шие — 3 500–4 000 теңге.
Павлодарда биыл баға қымбат. Шиенің келісі 6000-8000 теңгеге жеткен. Ал құлпынайдың келісі - 1800-3000 теңге. Мұндай жоғары баға Астана мен Атырауда тіркелген еді.
Адамдар көтерме сауда жасаған кезде ұтады. Баға 300-500 теңгеге төмен болады. Дегенмен мұнда да бағаға өңірлердің қай жерде орналасқаны әсер етеді. Оған жеткізу, көлік шығынын қосу керек.