$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қарқаралы маңында орманда жоғалған бала аман-есен табылды

AstanaTV
17.05.2025ж. 19:32
271
Қарқаралы маңында орманда жоғалған бала аман-есен табылды
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысында орман ішінде жоғалып кеткен бала табылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Оқиға Қарқаралы қаласынан шамамен 4 шақырым жерде, Шайтанкөл көлінің маңында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы туған бала ата-анасымен бірге демалыста жүрген кезде көзден таса болған. Хабар түскен бойда оқиға орнына құтқарушылар мен кинологтардан құралған арнайы топ жөнелтілді.

Құтқару жұмыстары нәтижесінде бала сәтті табылып, ата-анасына аман-есен қайтарылды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бала медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ҚР ТЖМ бала табылған сәтте үйлесімді әрекет еткен барлық құтқарушыларға алғысын білдірді.