$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Шарм-эш-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

AstanaTV
18.05.2025ж. 22:01
76
Шарм-эш-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
Фото: ©Pixabay.com

Оқиға күні Шарм-эш-Шейх халықаралық әуежайының №2 ұшу залында Al-Ahram Advertising Agency жарнамалық агенттігіне тиесілі жарнамалық құрылым кенеттен құлап түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылымның құлау салдарынан Астанаға SCAT Airlines компаниясының DV 2570 рейсін күтіп отырған Қазақстан Республикасының үш азаматшасы жарақат алды. Оқиға орнына жедел жеткен апаттық қызметтер зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Барлық зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, әйелдердің бірі алған жарақаттарынан Шарм-эш-Шейх халықаралық ауруханасында көз жұмды. Қалған екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайлары тұрақты.

Зардап шеккендердің біріне және оның қызы қонақ үйге жатқызылды. Қаза тапқан әйелдің ұлы да тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қазақстан елшілігімен тығыз байланыс орнатылып, барлық қажетті консулдық, құқықтық және гуманитарлық шаралар жүзеге асырылуда.

Оқиға туралы ақпарат прокуратура органдарына жедел түрде жеткізілді. Ресми қылмыстық тергеу басталды. Әуежай әкімшілігі мен жарнамалық агенттік өкілдері тергеуге толыққанды және ашық қолдау көрсетуде. Жауапты тұлғалар анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.