$509.51 €570.6 ₽6.3
×

«Ақшаны 20 жыл енем ұстады»: Мирас пен Құралай отбасылық өмірі жайлы айтты

AstanaTV
18.05.2025ж. 23:13
51
«Ақшаны 20 жыл енем ұстады»: Мирас пен Құралай отбасылық өмірі жайлы айтты
Фото: видеодан скриншот

Мирас пен Құралай 25 жыл отасқан өмірі жайлы шынайы сұхбат беріп, көпшілікке үлгі боларлық отбасылық ұстанымдарын бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Әнші Мирас пен жары Құралай отбасылық бюджеттің басқаруы мен үлкенге деген құрмет жайлы пікірлерін айтты. 25 жыл ата-енеммен бірге тұрып жатырмыз ба, 20 жылында ақшаны енем ұстады деді Құралай.

«Анам мен ұстайын деп айтқан емес, өзіміз апарып отырдық. Берекелі болады ғой. Ол жақсы ұстайды, кеше ғана алдың ғой, тағы не сұрап тұрсың дейтін. Сосын жақында өзімізге табыстады. Енді ақшаларыңды өздерің ұстаңдар деді. Ол да оңай емес», – дейді Мирас.

Бүгінде енесінің жасы – 73-те. Ол ұлы мен келініне жауапкершілік жүктеп: «Мен тірі кезімде өздерің ұстауға үйреніңдер», – деп ақшаны енді оларға табыстаған.

Құралай 25 жылдан бері ата-енесімен бірге тұрып келе жатқанын, енесіне келін емес, қызындай қарауға тырысатынын айтты.

«Келін сол үйге өзі келеді. Ешкім күштемейді. Келін сол үйдің берекесін, бақытын сақтап отыруға келеді. Сондықтан әр сөзге мән беріп, тырнақтың астынан кір іздемеу керек. Мен де осы шаңыраққа күліп келіп, қызындай болып отырмын», – деді Құралай.

Ол сондай-ақ 10 жыл бойы абысынды болып, Мирастың ағасы мен жеңгесімен бірге бір шаңырақ астында тұрғандарын айтты.

Мирас пен Құралайдың бұл әңгімесі әлеуметтік желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Пікір қалдырушылар көп балалы, бірлікті отбасын үлгі етіп, «Қазақы тәрбиенің керемет көрінісі», «Берекелі үйдің белгісі» деген сынды жылы пікірлерін қалдырды.