$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Зеленский Ватиканда жаңа Рим Папасымен кездесті

AstanaTV
19.05.2025ж. 08:31
42
Зеленский Ватиканда жаңа Рим Папасымен кездесті
Фото: BBC

Украина президенті Владимир Зеленский Ватиканда өткен жаңа Рим Папасы Лев XIV-нің интронизациясына қатысып, салтанатты месса кезінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс және Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен кездесті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Сонымен қатар, Зеленский мен жұбайы Елена Зеленская жаңа понтификпен жеке кездескен.

BBC мәліметінше, жаңа Папа месса кезінде Украинадағы соғысқа алаңдаушылық білдіріп, "азап шеккен Украина әділ және берік бейбіт келіссөздің басталуын күтуде" деді. Зеленский Папаға алғыс айтып, оны "ерекше миссияның басталуымен" құттықтады.

Кейін Зеленский АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерімен де жеке кездесу өткізіп, Стамбулдағы келіссөздер нәтижесі туралы айтып берді.