$509.51 €570.6 ₽6.3
×

АН-2 ұшағы Қызылорда облысына мәжбүрлі түрде қонған

AstanaTV
19.05.2025ж. 11:28
69
АН-2 ұшағы Қызылорда облысына мәжбүрлі түрде қонған

АН-2 ұшағы Қызылорда облысына мәжбүрлі түрде қонған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Мән-жайды ТЖМ мәлімдеді.

"Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан, бортында 3 адамы бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама түсті. Олардың қайда екені белгісіз болды. Өйткені олармен байланыс болмады", - деп жазылған хабарламада.

Жедел іздестіруге ТЖМ күштері мен құралдары тартылған. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылған.

"Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.