Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ресей мен Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесіп халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 19 мамырында ҰҚК Telegram арнасынан белгілі болды.
"Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды."
ҰҚК баспасөз қызметі
Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.