Кәсіпкер әрі әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы туған інісі Мансұрдың алғашқы концертінен фотосуреттер мен бейнероликтер жариялады. Раушан сахнада және сахна артында не болып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мансұр Құдайбергеннің алғашқы шығармашылық кеші 2025 жылдың 18 мамыры қарсаңында Астанада өтті.
"Мансұртайымның Темірлан-Ернат ағаларымен берген алғашқы шығармашылық кешінен естелік. Бәрі керемет өтті!",- деп жазды Раушан Құдайберген жазба астына.