Семейде мас ер адам таңертеңгі уақытта көшеде тұрған бөтен көлікті айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таңғы уақытта Семей көшелерінде полиция қызметкерлері көлікті мас күйде айдаған жүргізушіні қуып жүріп ұстады. Құқық бұзушының бағыты Оперативтік басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы бақылауда болды.
Ұсталған азамат – 30 жастағы семейлік тұрғын. Тексеру барысында оның автокөлікті тұрғын үй ауласынан заңсыз айдап кеткені анықталды. Келтірілген шығын – 1,2 млн теңге.
Бұған дейін ол осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Енді оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.