$510.78 €576.06 ₽6.35
×

«Маньякқа еліктеген»: 14 жастағы жеткіншек 7 жастағы қызды өлтіріп тастады

AstanaTV
19.05.2025ж. 17:44
54
«Маньякқа еліктеген»: 14 жастағы жеткіншек 7 жастағы қызды өлтіріп тастады

Бердянск қаласында жантүршігерлік қылмыс орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 жастағы мектеп оқушысы 7 жастағы қызды қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеткіншек атышулы «битцев маньягі» Александр Пичушкинге еліктеген. Оқиға орнынан табылған жазбада күдікті Пичушкинге деген «махаббатын» білдірген.

Сары шашты 7 жасар қыз бала 2025 жылғы 16 мамыр күні үйінің жанындағы аулаларда құрбыларымен серуендеп жүргеннен кейін із-түссіз жоғалып кеткен. Қыздың ата-анасы алаңдап, полицияға хабарласқан. Келесі күні тәртіп сақшылары қыздың мәйітін жергілікті зауыт маңындағы орман алқабынан тапты.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 14 жастағы мектеп оқушысын ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті құрбанын балғамен басынан ұрып өлтірген. Бұл – битцев маньягінің адам өлтіру тәсіліне ұқсас. Қылмыс орнында табылған жазбада «Александр Пичушкинді жақсы көремін» деген жолдар болған.

Александр Пичушкин — Ресейдегі ең атышулы сериялық кісі өлтірушілердің бірі. Ол 49 адамның өмірін қиғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда ол Ямал-Ненец автономды округіндегі Харп елді мекенінде жазасын өтеп жатыр. Жақында ол тағы 11 қылмысын мойындаған.