Түркияда қоғамды дүр сілкіндірген 21 жастағы Жұма Доға мен 47 жастағы енесі Есра Еролға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, тергеу барысында олардың арасындағы қарым-қатынас жүктілікпен аяқталғаны анықталды. Жұма Доған мен Гүлдана Шахин арасындағы жақын байланыс Дилек Шахин есімді мүгедектігі бар жас қыздың «Эсра Ерол» бағдарламасына шығып, күйеуі мен анасынан қашып кеткенін мәлімдеуімен әшкере болды.
Бағдарлама барысында Дилек өзінің күйеуі Жуманы анасымен бірге көріп қойғанын және бұл туралы әкесіне айтса, олар өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін айтты. Бұған қоса, Гүлдананың Жумадан жүкті екені де белгілі болған. Екі тараптың әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды, әсіресе Гүлдананың өз қызының күйеуімен қарым-қатынасқа түсуі қоғамда резонанс тудырды. Жұма Доға Дилекпен құда түскеннен кейін енесі Гүлдананың үйіне жиі барып, арадағы жақындық осылайша басталған.
«Эсра Ерол» бағдарламасының тікелей эфирінде Жұма Доған мен Гүлдана Шахинге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды. Оларға «қасақана зиян келтіру және қорқыту» баптары бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, Жуманың әскери қызметтен жалтарғаны да анықталған. Сот үкімінен кейін журналистер «Өкінесіз бе?» деп сұрағанда, Жұма Доған: «Жоқ», – деп жауап берген.
Бағдарлама жүргізушісі Эсра Ерол соттағы жағдайға тоқталып, Жұма мен Гүлдананың полиция мен прокуратура ғимаратында қол ұстасып, бірге күтіп отырғанын хабарлады. Бұл жайт Түркия жұртшылығы арасында үлкен дау туғызып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.