$510.78 €576.06 ₽6.35
×

Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық әйел қаза тапты

19.05.2025ж. 20:00
56
Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық әйел қаза тапты

Египеттің  Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама экраны құлап, қазақстандық турист қаза тапты. Марқұм Ақмарал Мұқанова  баласымен жүрген.  Қайғылы жағдай ұлы ұялы телефонын қуат көзіне қоспақ болып  кеткенде болған.  22-дегі ұлы мен жақындары енді оның мәйітін туған қаласы Ақтөбеге  жеткізу үшін көмек сұрауда.

ВЕНЕРА ЫСҚАҚОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚҰРБЫСЫ:


Демалып келемін мен, көп ауырып кеттім деп өткенде апрельда кездестік екеуміз Астанада.  Тездетіп елге жеткізу потому что 3 күннен кейін өздеріңіз білесіздер. Моргта ұстағанымен ол 3 күннен кейін не болып кетеді. 4-5 күн ұстайды. Оны бері қарай әкеледі. Оны үйге апарады. Сонда не болады білмеймін мен.


Әуежайда Қазақстанның тағы екі азаматы жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқыс оқиға бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс  елшіліктің ерекше бақылауында.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Мысыр тарапы Қазақстан азаматының қайғылы қаза болуына байланысты шын көңілден көңіл айтады. Мысырдың Азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алып, дереу оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.