Қызылордада АН-2 ұшағы шұғыл қонды. Алайда қайда, қандай жағдайда қонғаны белгісіз болды. Күштік құрылымдар ұшақты 8 сағат іздеп, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жақын далалық жерден тапқан. Жедел әрекет еткен пилот ұшақты сәтті қондырған көрінеді. Бортта 3 адам болған. Олар «Таң-Құмкөл» бағытына бет алған. Абырой болғанда, борттағылар дін-аман.
ИСАБЕК ДОСЖАН, ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Іздестіруші тұлғалар барлығы аман-есен табылып аудан орталығына жеткізілді. Медициналық көмек қажет етілмейді. Іздестіру барысында кедергілердің бірі байланыстың жоқтығы. Жолдың жоқтығы. Сонымен қатар, қыс-көктемгімезгілде жауқан қар-жаңбырдың әсерінен жиналған шалшық сулар.