$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Трамп Газа секторын Израильден азат етпек

19.05.2025ж. 20:00
118
Трамп Газа секторын Израильден азат етпек

Зеленский мен Путин жақын арада жеке кездесуі мүмкін. Бұл туралы Ыстамбұлда өткен қос ел өкілдерінің келіссөздерінде белгілі болды. Оның үстіне, екі ел мың тұтқыннан босатады. Израиль Газа секторын толық басып алмақ. Бұл операцияның бірінші күні-ақ, 102 адам қаза тапқан. Трам болса, Газа секторын азат етпек. Бұл туралы Ақш Президенті ресми мәлімдеді. Ватиканда тұңғыш америкалық рим папасы таққа отырды. Лео 14-ші бірқатар ел басшыларымен кездесіп те үлгерді. Алдыңғы АҚШ Президенті Джо Байден қатерлі ісікке шалдықты. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Ыстамбұлдағы келіссөздерде нәтиже аз. Бұл туралы бірқатар мемлекет басшысы мәлімдеді. Бірақ, тараптар құр қол қайтпайық, деп 1000 тұтқыннан босатуға келісті. Оның үстіне,  Зеленский мен Трамптың жеке кездесуі туралы уағдаласты.  

СЕРГЕЙ КИСЛИЦА, УКРАИНА СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін қол жеткізген уағдаластықтарымыз соңына жетуі керек. Ол үшін Ресейге қысым арта беруі тиіс. Бірақ, екі мемлекет басшылары жеке кездесу өткізсе, бұдан да көп мәселе шешімін табар еді. Өйткені, тек Путин шешім қабылдайтынын барлығымыз білеміз. Сондықтан, келіссөздер тек жоғары деңгейде болғаны жөн.


Израиль Газа секторына соққысын қайта бастады. Бірінші күні-ақ, әуе шабуылдарынан 102 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Жуырда мұнан да сорақы басталмақ. Секторға әскер кіргізіледі. Израиль аумақты толық бақылауына алуды көздеп отыр. Бірақ, АҚШ Президенті Трамп бұнымен келіспейді. Өзінің Таяу Шығыстағы турнесінің қорытындысында, Трамп: «Газа секторын толыққанды азат етемін», - деді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Газа секторы көп жылдар бойы өлім мен аласапыран мекені болып келді. Бірақ, менің осы аумаққа қатысты жеке концепциям бар. Ол – тікелей АҚШ араласып, Газа секторын азаттық аумағы ету.


Жаңа Рим Папасы бітімгершілікпен айналыспақ. Америкадан тарихта тұңғыш рет сайланған понтифик –  Роберт Прево Ватикандағы таққа отырды. Салтанатты рәсімге Украина Президенті Владимир Зеленский, АҚШ вице-президенті Джей Вэнс және тағы бірқатар мемлекет басшылары қатысты. Ал Рим папасы өзінің алғашқы ресми сөзінде өзінің соғысты тоқтату ниетін де жасырмады.

ЛЕО XIV, РИМ ПАПАСЫ:

Түркиядағы келіссөздерден көп үміт күттік. Бірақ, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже болмады. Мен Украина халқының көрген қайғы-қасіретін бір сәтке де ұмытқан жоқпын. Сондықтан, қажет болса Ватиканды келіссөз алаңына айналдырып, өзім де қатысуға дайынмын.


АҚШ-тың алдыңғы Президенті Джо Байден қатерлі ісікке шалдықты. Байденнің ресми өкілдерінің хабарлауынша дерт дендеп барады. Бірақ, дәрігерлер емдеуге болатынын айтып, жабырқағандарды бір жадыратты.