$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ парламентшілеріне синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылды күшейтуді ұсынды

19.05.2025ж. 20:00
231
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ парламентшілеріне синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылды күшейтуді ұсынды

Мәжіліс төрағасы Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Ерлан Қошанов іс-шара басталар алдында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды. Ал кеңес отырысында әріптестерінің назарын синтетикалық есірткі мен интернет алаяқтықтың етек жайғанына аударды.  Ол мұндай жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы заңнамалық тосқауыл қою үшін күш біріктіруге шақырды. Себебі, миллиондаған адам осы қылмыстың құрбанына айналды.  Ал ұйымдастырушылары көбіне шетелден әрекет етеді.Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Ауғанстандағы жағдайды үнемі назарда ұстауға шақырды.   Елдегі өзекті гуманитарлық мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Іс-шара аясында Парламент делегацияларының басшылары Бішкектегі Жеңіс монументіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде біздің елдеріміз трансұлттық қауіп-қатерлермен бетпе-бет келуде. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы синтетикалық есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-әрекет саласында ортақ құқықтық кеңістік құруға ықпал ете алады. Қазақстан депутаттары осы жұмысқа белсене атсалысуға дайын. Бұл мәселелерде бізде бұрыннан қалыптасқан құқықтық тәжірибе бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша есірткі қылмыстарына қатысты жауапкершілік заңнамалық тұрғыда едәуір күшейтілді. Биылғы Парламенттік сессияның соңына дейін интернет алаяқтық үшін де жауапкершілікті заң жүзінде қатаңдатуды жоспарлап отырмыз.