$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Қарағандыда егеуқұйрық қаптады

19.05.2025ж. 20:00
158
Қарағандыда егеуқұйрық қаптады

Қарағандыда егеуқұйрық қаптады. Зиянкестер аулада өріп жүр. Тіпті кәріз құбырлары арқылы пәтерлерге кіре бастаған. Бұл жағдайдан кейін бірден 8 көпқабатты үйдің тұрғындары жергілікті әкімдіктен көмек сұрады.

ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ:

Унитаздан шыққан егеуқұйрықты Сәуле Дүйсембаеваның ұлы түсіріп алған. Ас үйдегі тықырды естіп келгенде алдынан шығыпты. Зиянкестің үйге қалай кіргенін ешкім білмейді.


СӘУЛЕ ДҮЙСЕМБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Егеуқұйрық дәретханадан шыққан. Жарты күн бойы қақпағын жауып қойдық, ашсақ жоқ екен. Кәріз құбырларында олар өріп жүр деген сөз. СЭС қайда қарап отыр? Эпидемия болғанын күтіп отыр ма?


Жұрттың айтуынша «Астана» тұрғын үй кешеніндегі 8 көпқабатты үйде егеуқұйрық қаптап кеткен. Балалар алаңы, аула, аялдама, қоқыста барлық жерде өріп жүр.Көптігі сонда біздің операторымыз да оны видеоға  түсіріп алды.

РЫМБИКЕШ ҚОСШЫҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы дворда жүріп бара жатқанын көрдім. Остановкадан кетіп бара жатсам алдымнан қиып өтті.Бізде КСК, ОСИ деген жоқ ақша жинап жатырмыз.Каждый подъезд 45 мың депті соны жинап жатырмыз.


АБАЙ ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Аялдама мен екі ортада жер астында бір не бар, сол жерде жаңағылардың ұясы ма қаптаған екен. Бұл енді өте қауіпті,зиянкес бұл ауру таратуы мүмкін. Қазір елдер балаларын шығара алмайды. Өйткені осы жерге қаптап кетті.Мына жерде балабақша бар, мына жерде мектеп бар.Мына жерде супермаркет «Аян» бар. Осының бәріне келді.


Амалы таусылған жұрт жергілікті әкімдіктен көмек сұрады. Шенеуніктердің айтуынша, тұрғындардың сұрауымен жуықта зиянкестерді улаған. Алайда нәтижесі шамалы сияқты.

ЕРІК АХМЕТОВ, ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ТҮКШ ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Деротизациялық шаралар тағы да. Көктем кезінде тағы да қолданылған. Өзі жылына екі рет қолданылады көктем, күзде. Қазіргі маусым табиғаттың заңы ғой өзі көбеяді, сол кезде жүрістері көбейіп кетеді.


Жергілікті әкімдік өкілі егеуқұйрықтарды тағы да улайтынын жеткізді. Ал тұрғындар жекеменшік компания жалдап үйлерін де зарарсыздандырмақшы. Қалада 1700-ден астам көпқабатты үй бар. Оның 10 пайызын ғана әкімдік улайды. Ал қалғандарына жеке пәтер иелерінің ұйымдары жауап береді. Бұл мекемелер зиянкестермен күресті қалай жүргізеді, ол жағы белгісіз.