$510.78 €576.06 ₽6.35
×

Астанада ІІІ Қазақстан музей конгресі басталды

19.05.2025ж. 20:00
71
Астанада ІІІ Қазақстан музей конгресі басталды

Астанада Ұлттық музей орталығында ІІІ Қазақстан музей конгресі басталды. Шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "ТҮРКСОЙ" түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Оған Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Солтүстік Кипр, Түркия, Түркменстан реставраторлары мен музей ісінің мамандары, ғылым мен мәдениет саласындағы жетекші сарапшылар мен зерттеушілер шақырылған. Мақсат тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері бойынша ғылым, мәдениет және музей ісі өкілдері арасында теориялық және практикалық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң құру.  

АҚМАРАЛ ИБРАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз осы рестарватция, консервация мәселелеріне арнап арнайы жанағы өте маңызды сұрақтарды көтереміз, оның шешімін табу жолдарын қарастырамыз және болашақта үлкен жоспарлар мен перспективаларды талқылаймыз.