$510.78 €576.06 ₽6.35
×

Кітапханашылар зағип жандардың кітап оқуы үшін тың тәсіл ойлап тапты

19.05.2025ж. 20:00
139
Кітапханашылар зағип жандардың кітап оқуы үшін тың тәсіл ойлап тапты

Жамбылдық кітапханашылар зағип жандардың кітап оқуы үшін тың тәсіл ойлап тапты. Өңірде 700-ден астам көру қабілеті бұзылған оқырман бар.  Жаңа бастаманы мамандар "Рухани қазына" республикалық фестиваліне ұсынған. Қолдау тапса, ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

ТОЛҚЫН КҮЗЕНОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН АЗАМАТТАР КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Рухани қазынаға" ерекше алып келген жобамыз біздің 4 форматты инклюзивті кітабымыз. Бірінші беті жайпақ баспалы қаріптегі парақ болса, екінші парағы зағиптарға арналған брайль қаріпіндегі парағы. Үшінші парағы рельефті графикалық сурет дейді ғой, сезіну арқылы. Төртінші форматы аудиостудияда таспалап шығарған аудио кітаптары.


Тың жоба әзірлеген қазметкерлер мен өзге де руханият жанашырлары елордада бас қосты. Форумға әр өңірден мыңға жуық маман келді. Шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне орай 3 күнге жоспарланған.

КҮМІС СЕЙІТОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл тек қана кітапхана саласы емес, музей саласы, музыка саласы, театр саласы, архив саласы, бүкіл қызметкерлерге қатысты. Дәстүрге айналған "Рухани қазына" республикалық фестивалі де өтіп жатыр. Сол фестивальдің қатысушылары да осы кітапхананың ішінде.