$510.78 €576.06 ₽6.35
×

Алматыда Даун синдромы бар балаларға цифрлық қауіпсіздікке арналған карталар табысталды

AstanaTV
19.05.2025ж. 20:00
78
Алматыда Даун синдромы бар балаларға цифрлық қауіпсіздікке арналған карталар табысталды

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға цифрлық қауіпсіздікті үйрету мақсатында арнайы оқыту карталары мен компьютерлер табысталды. Бұл бастама «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен Kaspersky компаниясының бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылды. «Цифрлық қоғам» — азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды партиялық жоба. Оның шеңберінде балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін интерактивті курстар мен әдістемелік құралдар дайындалады.Даун синдромы бар балаларға арналған бұл бастама олардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бізде 5 аймақта пилоттық режимде жоба жұмысын бастады. Қазір Алматы қаласында біз ерекше балаларға арнайы Kaspersky компаниясымен карточкаларды ұсындық. Ол цифрлық гигиенаға үйрету бойынша арнайы карточкалар. Себебі қазір енді білеміз алаяқтардың осал тобына жататын ол біздің қария кісілер және кішкентай балалар. Сондықтанда арнайы осындай карточкалар ұсынылды.