$510.78 €576.06 ₽6.35
×

Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

AstanaTV
20.05.2025ж. 06:48
41
Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Алматы облысының территориясында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша, жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы қайтадан түсіп қалды.

"Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді". 
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі