Қостанай облысында 20 мамыр күні таңертең қайғылы жол апаты тіркелді. «Қайрақ» шекара бекетінен екі шақырым жерде Ford Transit көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлікте 10 шетел азаматы болған
Жеңіл көліктің ішінде болған 10 адамның алтауы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес адам әртүрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы шетел азаматтары екені хабарланды.
Қылмыстық іс қозғалды
«Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді», - делінген Қостанай облысының Полиция департаменті хабарламасында.
Тергеу жүріп жатыр
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Апаттың нақты себебі алдағы тергеу нәтижесінде анықталады.