$510.78 €576.06 ₽6.35
×

Биыл түлектердің емтихан тапсыру және аттестат алуы қай күні өтеді?

AstanaTV
20.05.2025ж. 10:31
97
Биыл түлектердің емтихан тапсыру және аттестат алуы қай күні өтеді?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024-2025 оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтағалы отыр. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің дерегінше:

• Бастауыш сыныпты 391 мың бала тәмамдайды;

• Негізгі мектепті (9-сынып) 364 мың оқушы аяқтайды;

• 217 мың түлек 11-сыныпты бітірмек.

Биылғы мектеп бітірушілердің 5 пайызы – Алтын белгіге үміткерлер. Бұл – өткен жылдардағы деңгеймен шамалас көрсеткіш, – деді министр.

Оқу жылы "Білімім – Отаныма" атты бірыңғай сынып сағаттарымен қорытындыланбақ. Ал 23-24 мамырда барлық мектепте түлектерге арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты шара өткізу ұсынылып отыр.

Министрлік мәліметінше, аттестат тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді. Ал қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 16 маусым аралығына жоспарланған.